Фото: Telegram / ТВК
Красноярск қаласында мектеп оқушысы ойын автоматынан iPhone ұтып алған, алайда қорапты ашқанда ішінде шоколад болған. Бұл туралы ТВК -ға сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.
Оқиға қаладағы дүкендердің бірінде орнатылған ойын автоматында болған. Мектеп оқушысы шамамен бір жыл бойы ойнаған — бір талпыныстың құны 50 рубль болған, ал бас жүлде ретінде iPhone 16 көрсетілген.
Бір сәтте қыз бала көптен күткен қорапты ұтып алады, бірақ телефонның орнына ішінен шоколад тапқан. Оқушының әжесінің айтуынша, бала бұл жағдайдан кейін ұзақ уақыт бойы сабасына түсе алмаған.
