
Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
2020 жылғы 13 желтоқсанда ҚР аумағына анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде 2 жолаушы Ыстанбұл – Алматы рейсімен, 4 жолаушы Шарм - эль-шейх-Нұр-Сұлтан рейсімен келген.
475 жолаушылардың ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсетті.
