Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу қиындауы мүмкін. Ұлттық банк жеткілікті шекті мөлшерді көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұлттық банк өкілдері мұндай шешімді келешекте зейнетақы мөлшері төмендеп кетпеуі үшін қажет деп түсіндіреді.
"Биыл Ұлттық қор тәжірибесіне ұқсас түрде ұзақмерзімді табыстылықты арттыру үшін акциялар мен баламалы құралдар сияқты жоғары табысты активтер класының үлесін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар болашақта зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін табысты алмастыру коэффициентін арттыру қажет. Бұл зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шегін қатаңдатуды талап етеді", – деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2025 жылы зейнетақы активтері 12%-ға өсіп, 25,1 триллион теңгеге жеткен. Ал, инвестициялық табыс 1,8 триллион теңгені құрады.
