28 қар, 2023 сағат 16:32

18 жастағы алматылық 50 Cent концертіне жалған билет сатқан

Фото: Polisia.kz

Алматы полицейлері концерт билеттерін сатуға қатысты алаяқтықты әшкереледі, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алаяқтықты билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, азаматтарды алдаған 18 жастағы Л. есімді азамат жүзеге асырған.

Оның үстіне ол онлайн әрекет еткен, яғни билеттерге тапсырыстарды Instagram арқылы қабылдаған. Ал әлеуметтік желіде ауқымды жарнамалау үшін қаскөй SMM менеджер жалдаған.

"Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды.

Қазіргі таңда алданған азаматтардың арызы негізінде Алмалы аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Олардың кейбіріне жалған билет сатушы 50 Cent-тің концертіне билеттер “сатқан”. Басқа ықтимал құрбандарды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.