25 қар, 2016 сағат 11:16

2016 жылы ҮЕҰ жобаларын қаржыландыру көлемі 23 пайызға өсті



2016 жылғы 1 маусымдағы ҚР Қаржы министрлігінің мәлімет бойынша 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру көлемі 23 пайызға өсіп, 9 280,4 млн теңгені құрады (2015 жылы – 7 143,9 млн теңге).

Оның ішінде республикалық деңгейде 534,8 млн теңге (2015 жылы – 914,8 млн теңге), жергілікті деңгейде – 8 745,6 млн тенге (2015 жылы – 6 229,1 млн теңге).

Айта кетейік, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ықпалдастықтың тиімді механизмдерінің бірі.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты республикалық деңгейде 9 орталық мемлекеттік орган жариялады. Атап айтқанда, олар – мәдениет және спорт, білім және ғылым, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, энергетика, ұлттық экономика, инвестициялар және даму министрліктері, мемлекеттік қызмет істері агенттігі, бас прокуратура.
Жергілікті деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау, тілдерді дамыту, туризм, спорт жіне дене тәрбиесі басқармалары жүргізеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты талдау нәтижесі 2016 жылы бүкіл республикада 1 913 әлеуметтік жоба жоспарланғанын көрсетті, оның ішінде республикалық деңгейде 62 жоба, жергілікті деңгейде – 1 851 жоба. Халықтың аз қамтылған тобын әлеуметтік қолдау, жастар бастамаларын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау,  жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық талдау, қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы ҮЕҰ жобаларының өсу динамикасы байқалады.

"Ұлт ақпарат"