13 нау, 2026 сағат 17:09

Теңіз кен орнында тағы өрт: өндіріс қауіпсіздігі мәселесі қайта көтерілді


Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі


Теңіз кен орнында оқыс оқиға тіркелді. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, - деп хабарлайды Ult.kz.


Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.


"Біз белгіленген рәсімдерге сәйкес оқиғаның нақты себептерін анықтап жатырмыз. Дегенмен, өндірістік қызметтің егжей-тегжейлерін жарияламаймыз", – деп хабарлады ТШО.


Қондырғылардың бірінде өрт шыққаны белгілі болды. Оқиға 11 наурыз кешке тіркелген.


Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Теңіз кен орнындағы үшінші буын зауытында да өрт шыққан еді. Сол оқиғадан кейін Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылған болатын.


Теңіз кен орнында өрт оқиғасы тіркелді. Компания зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады, бірақ өндіріс қауіпсіздігі мәселесі қайта назарда тұр.