22 қаң, 2024 сағат 15:51

2070 жылға дейін Ресейде persona non grata боп есептелем - Айдос Сарым

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымға 2070 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынған. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"СІМ Тина Канделакиді persona non grata деп жариялады. Мұнысы дұрыс. Оған сөзді де, эмоцияны да жұмсаудың қажеті жоқ. Өз-өзімізді құрметтей білуіміз керек.

Мен де 2070 жылға дейін Ресейде persona non grata боп есептелем. ФСБ-дан шекарадан өткен жағдайда 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға ұшырауым мүмкін екені туралы хабарлама алдым! Беларусь бойынша да сол. Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ", - дейді депутат.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кірмейтінін айтқан болатын.