30 мам, 2023 сағат 20:18

8-9 маусым аралығында Елордада Астана Халықаралық форумы өтеді


2023 жылғы 8-9 маусым аралығында Елордада Астана Халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның басты тақырыбы: «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында».

Халықаралық іс-шара аса маңызды  жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, бүгінгі әлемдік ахуал, геосаяси шиеленістің артуы және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу. Осы мақсатта әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру.

Форумға қатысатын құрметті қонақтар тізімі:

Шейх Тамим бин Хамад Әл Тани, Катар Мемлекетінің Әмірі

Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті

Желка Цвиянович, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы

Нгози Оконджо-Ивеала, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры

Одре Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Бас директоры (ЮНЕСКО)

Армида Алисжахбана, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы

Кристалина Георгиева, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры

Мирослав Анича, БҰҰ-ның Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік және Оңтүстік Америка істері жөніндегі Бас хатшысының саяси және бейбітшілік мәселелері жөніндегі департаментінің (ДПВМ) көмекшісі

Ивана Живкович, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына арналған аймақтық бюроның Бас хатшысының көмекшісі, әкімшісінің көмекшісі және директоры

Хельга Шмид, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ)Бас хатшысы

Маргарета Седерфельт, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы

Чжан Мин, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ)Бас хатшысы

Одиль Рено-Бассо, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті

Масацугу Асакава, Азия даму банкінің президенті (АДБ)

Сухайл Мұхаммед Фарадж әл Мазруи мырза, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі

Януш Войцеховский, еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары

Мулату Тешоме мырза, Эфиопияның бұрынғы президенті

Ласина Зербо мырза, Буркина-Фасоның бұрынғы премьер-министрі

Томас Гремингер, швейцариялық дипломат және ЕҚЫҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы

Даниэл Ергин, S&P Global төрағасының орынбасары

Рае Квон Чунг, Ban Ki-moon Foundation for a Better Future қорының директоры және Корея Республикасының климаттың өзгеруі жөніндегі бұрынғы кеңесшісі.

Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақ келеді. 

Қандай мәселелер талқыланады?

Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;

Халықаралық даму және тұрақтылық;

Энергетика және климаттың өзгеруі;

Экономика және қаржы.

40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN.

ҚР Үкіметі ұйымдастырған Форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.

Егер сіз форумға қатысуға мүдделі болсаңыз немесе серіктестік туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, бізге хабарласыңыз. Астана халықаралық форумының сайты: https://astanainternationalforum.org

БАҚ қызметкерлері үшін Астана халықаралық форумының БАҚ Қолдау қызметінің электронды поштасы: info@astanainternationalforum.com