29 сәу, 2024 сағат 14:40

Абай облысында түрмеге телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды


Фото: Polisia.kz


Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді жасырын патрульдік бақылау барысында, 5511 Ұлттық гвардиясының “Барыс-3 бағыты” қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған затты лақтырмақ болған М. есімді азамат ұсталды. 


Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырмасына оратылған орама табылды, орамадан сұр түсті, Samsung GT S 8500 телефоны, 1 қуаттандырғыш тоғы, USB сымдары бар куаттандырғыш, SIM карта тәркіленді. Семей қаласы тұрғыны азамат М. Гала есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады. 


– Сотталғандардын “қамкор” туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, – деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Кулатаев.