12 сәу, 2024 сағат 09:20

Ақмолалық әйел шетелдіктерге жалған анықтама жасап келген


© скрин видео


Ақмола облысында шетел азаматтары үшін жалған анықтама құжаттарын жасап келген күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ресм мекеменің мәліметінше, Аршалы кентінің тұрғыны 2022-2023 жылдар аралығында аудан аумағына келген шетел азаматтарының жұмысқа орналасуы үшін жалған медициналық анықтама жасап келген.


"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі "заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", -деді ведомстводан.