24 қар, 2023 сағат 10:14

Алматы облысында сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды

Көрнекі фото: thesun.ie

Қазақстанда жаңа туған баласын сатпақ болған шетелдік әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"22 қарашада «Стоп-Трафик» жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен Қарасай ауданының аумағында көрші республиканың 24 жастағы тумасы ұсталды. Аталған азаматша әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айында әлі дүниеге келмеген баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азаматша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды", - дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі