Фото: Хабар24
Алматыда кәмелетке толмағанға қатысты ауыр қылмыс жасаған ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралған. Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Іс сотта жабық форматта қаралды.
Сот мәліметінше, 2025 жылы сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты зорлық сипатындағы қылмыс жасаған. Оның кінәсі жәбірленушінің және заңды өкілінің айғақтарымен, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденген.
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.
