02 сәу, 2024 сағат 14:34

Алматыда мектеп директорының орынбасары мен бухгалтер сотталды

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында мектеп директорының орынбасары мен бухгалтер бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды  «Ұлт ақпарат» қалалық прокуратураға сілтеме жасап.


Тергеу материалдарына сәйкес, екеуі 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 2023 жылдың тамыз айына дейін мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, сан алуан төлемдерді негізсіз жасаған.


"Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 млн. теңге көлемінде залал келтірілді. Бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оған қоса, олар коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", - дейді прокурорлар.


Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.