20 қаз, 2023 сағат 13:15

Астана әуежайында әйел контрабандалық жүк өткізіп, пара бермек болған


Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңгені құрайды. 

Сонымен қатар аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген. 

"Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды" - делінген хабарламада.