22 қыр, 2023 сағат 10:39

Сәбиді өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне сот үкімі шықты

Фото: gov.kz

Астанада сәбиді өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесі 17 және 23 жылға сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға былтыр болған. Бала күтуші әйел мен бірге тұратын ер адам сәбиді ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен. Салдарынан бала көз жұмды.

"Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел тергеу тобы құрылды. Іс жедел әрі объективті тергелді.

Сотта мемлекеттік айыптаушы аталған адамдардың кінәсін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеді. Олар 17 және 23 жылға сотталды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.