24 қар, 2023 сағат 13:33

Атыраулық ер адам әйелдің дауысын салып, адамдарды алдаған - видео

Фото: ашық дереккөзден

Атыраулық полицейлер алаяқтың дауыс өзгертіп, телефон арқылы қалай алдайтынын көрсетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"18 қарашада Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Hi-Tech" іс-шарасы кезінде Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем ретінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 1996 жылғы күдіктіні ұстады" - делінген хабарламада.

Күдікті 27 жастағы ер адам болса да, дауысын әртүрлі ғып өзгертіп, жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы оңай алдап отырған. Осылайша, пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын ала 50 000 теңге ақша қаражатын аударған. 

"Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды.

ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" - дейді ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.