24 ақп, 2025 сағат 15:49

Ауа райына байланысты бірнеше республикалық автожол жабылды


Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform


Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.


2025 жылғы 24 ақпан сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.


Қостанай облысы:


- «Қостанай - Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасы).


Ақмола облысы:


- «Қостанай - Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);


- «Жақсы - Есіл – Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы - Бұзылық ауылы);


- «Жезқазған – Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы).


Жол учаскелерін 24 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.