16 қар, 2023 сағат 15:55

Автобустың әйнегін сындырған Астана тұрғыны қамауға алынды


Автобустың әйнегін сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды , - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болған.

"Ер адам Иманов көшесінде автобустың алдыңғы әйнегін сындырды. Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды.