15 қаң, 2024 сағат 13:44

Айбат Ілиясов оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов басқа жұмысқа ауысуына байланысты оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Айбат Ілиясов 1982 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде оқу-қосалқы персонал операторы болып бастаған.

2006-2007 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электронигі, бас маман.

2008-2009 жылдары — Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығында бас маман.

2009 жылдан 2012 жылға дейін — ҚР Жоғарғы соты құрылымдарында бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бас сарапшысы.  

2013-2022 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының басшысы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі болып қызмет етті.