23 қаз, 2023 сағат 10:03

Бас прокуратура алаяқтық жасады деген күдіктіні Швециядан экстрадициялады

Фото: © Sputnik / Кирилл Каллиников

Бас прокуратура алаяқтық жасады деген күдіктіні Швециядан экстрадициялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың тамызында Алматыда өздерін "Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз" деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.

Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде, біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.

"Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады.

ҚР Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлері, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды" - делінген хабарламада.

Бұл қылмысты жасағаны үшін осыған тектес қылмыс жасағандар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.