01 сәу, 2024 сағат 15:58

Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованың "олигарх көңілдесі" туралы әңгіме айтты



Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында сотталушы сөз сөйлеп, Салтанат Нүкенованың серіктесі Қазақстанға танымал "Райымбек" есімді кәсіпкер болғанын баяндады.


"Естігенде таңғалдым. Өзінен 20 жас үлкен, төрт баласы бар", - деді Бишімбаев.

Осы арқылы ол айыптау актісінде көрсетілген "қызғанышын" ақтағысы келеді. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаушылар "Нүкенованың көңілдестері" туралы мәлімет еш дәлелденбегенін және бұл жағдайлар іс материалдарына қосылмағанын айтты.