15 сәу, 2024 сағат 12:53

Бишімбаев соты: Алқабилердің бірі ауыстырылды


Фото: Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында алқабилердің бірі ауыстырылды деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


"Сот отырысына қатысушылар назарына! Сот отырысы залына денсаулық жағдайы бойынша 2 нөмірлі алқаби келген жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес істі сот талқылауы кезінде алқабилер мен қосалқы алқабилер  үнемі қатысуға міндетті. Егер сот талқылауы барысында, бірақ, алқаби мен судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шыққанға дейін алқабилердің кез келгені сот отырысына қатысуды жалғастыра алмайтыны анықталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билеттер жәшіктен шығарылған тәртіппен қосалқы алқабилермен ауыстырылады. Осыған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес №11 запастағы алқабиден №2 алқабидің орнына отыруды сұраймын", - деді судья Айжан Көлбаева 15 сәуірде өткен сот отырысында.