01 сәу, 2024 сағат 13:43

Бишімбаев соты: Салтанат Нүкенованың шешесі шырылдап, жанайқайын айтты


Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында сотталушы сөз сөйлеп тұрғанда сәтте залда Салтанат Нүкенованың анасы оның сөзімен келіспейтінін айтып, айғайлады. 

"Тоқта. Сен қалайша аса қатыгездікпен өлтірмедім деп отырсың? Қай бетіңмен осылай сөйлеп тұрсың? Сен оны бірнеше сағат бойы ұрып-соқтың. 8 сағат бойы өлтірдің", - деді ол.


Судья оны дереу тоқтатып тастады. 

Бишімбаев болса құдай алдында да, бәрінің алдында да жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. 

"Жеккөріп, қарғыс атсаңыздар да құдайдың алдында да, бәрінің алдында да жауап беруге дайынмын. Мағынасы жоқ өлтіруге, қатыгездікпен өлтіруге еш ниетім болған жоқ. Мен Салтанатты жақсы көрдім. Шешесінің реакциясын түсініп тұрмын", - деді ол.


Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа "Кісі өлтіру" бабымен айып тағылған. Кейін бұл бап "Аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабына ауыстырылғаны белгілі болды. Кейінірек оған "Қинау" айыбы қоса тағылғаны анықталды.