15 сәу, 2024 сағат 13:15

Бишімбаевтың адвокаты сотты құрметтемеді деп айыпталып, сот отырысы уақытша тоқтатылды


"Сотты құрметтемегені үшін" Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа қатысты жеке сот қаулысын шығару үшін судья сот отырысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


"Мен Бишімбаевқа сұрақ қойып біткен жоқпын. Сіздің әрекеттеріңізге тағы да қарсылық білдіруіме тура келеді. Сіз қорғау тарапын ылғи тоқтатасыз. Сотталушының сөйлеуіне, сұрақ қоюына мүмкіндік бермейсіз. Сот біржақты процесс сияқты. Сот емес, сот тәріздес бірдеңеге(судилище) айналып барады. Барлығы бір Бишімбаевқа қарсы, - деді адвокат Ғазымжанов сотта.


Судья Айжан Көлбаева қорғаушы Ерлан Ғазымжановқа "сотты құрметтемегені үшін"  жеке сот қаулысын шығару туралы мәселені талқылау үшін сот процесін тоқтатты.
Айта кетейік, бұған дейін адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяны ауыстыруды талап еткен, бірақ оның талабы кері қайтарылған.