16 сәу, 2024 сағат 16:36

Бұрынғы әйелін аяусыз ұрып, телефонын сындырған ер адам ұсталды


Алматыда әйелін ұрып-соққан Александр Ким сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

"Бұрынғы жұбайына дене жарақатын салған адам ұсталды. Сот шешімімен ұрып-соққаны үшін және бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.


Алайда, Алматы сотының баспасөз қызметі Кимнің 25 емес, 15 тәулікке қамауға алынғанын хабарлады. Мүлікті бүлдіргені үшін (бұрынғы жұбайының телефоны) оған 15 тәулікке қамауға алу, ал тағы 10 тәулік - ұрып-соғу дерегі бойынша. Жазаны ішінара қосу арқылы сот ақыры Кимге 15 күн қамауға алуды тағайындады. Алматы ПД релизінде айтылған айыппұл туралы сотта айтылмады.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әйелді аяусыз ұрған ер адамның видеосы таралған еді. Артынша ер адам кешірім сұрады