31 қаз, 2023 сағат 10:44

"Delta Bank"-тен ақша жымқырған Тілеубаев 10 жылға сотталды

Фото: Kursiv.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі «Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингіне енген Н.Тілеубаев 2012-2017 жылдар аралығында қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты алып шығарған.

"Тергеу барысында Н.Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. 

Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар. 

Сонымен қатар Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды" - делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан да Проблемалық несие қорына берілді. 

"Сот үкімімен Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Қазіргі уақытта Н.Тілеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары – «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ.

Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр" - делінген хабарламада.