15 ақп, 2021 сағат 08:30

Доллар бағамы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады,деп хабарлайды Kurs.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 12 ақпан кешімен салыстырғанда 1,68 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 417,25 теңге болған. Ұлттық банктің 15 ақпандағы ресми бағамы: 1 доллар - 418,86 теңге.

Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 416,67 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,21 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 416,63 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 417,83 теңге.