16 ақп, 2024 сағат 14:31

Екібастұз МАЭС-2-ні жаңғырту кезінде миллиард теңге жымқырылған


Фото:gov.kz

Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-да ақша жымқыру деректерін анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-ны тексеру барысында 3-энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету деректерін анықтаған.


"Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 миллиард теңге болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.