27 мам, 2024 сағат 18:32

Есірткі сатушы полицияны өзі шақырды – ер адам 10 жылға сотталып кетті


© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы


Ақтөбе облысында есірткі сатушы үйіне полицияға өзі шақырып, есірткі заттарын сатқаны үшін 10 жылға сотталып кетті. Сотта ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, есірткіні буып-түйгені үшін күн сайын 5 мың рубль (шамамен 25 000 теңге) алып отырған, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» "Диапазон" порталына сілтеме жасап.


Тергеу материалдарына сәйкес, Бадамша ауылының 24 жастағы тұрғыны Telegram арқылы синтетикалық есірткі тарататын жұмыс тапқан. Оны жасырын жерлерге тығып жүреді. Ал біршама уақыттан кейін қойма иесіне дейін "көтерілді". Ондай адамдар үйде есірткіні буып-түйіп, "бомбочка" дайындайды. Өзі де есірткіге тәуелді болып қалған.


Бір күні есірткінің әсерімен оған біреулер есікті бұзғысы келетіндей болып көрінді. Ол бірден полицияны шақырды. Тәртіп сақшылар жылдам келді, бірақ күдік туғызатын ештеңе таппады. Бірақ біраздан соң, есірткі шеккен жігітке тағы біреудің үйге баса-көктеп кіргісі келетіндей болып көрінді. Ол тағы "102"-ге хабар береді. Полицейлер қайтадан келіп, үй иесінің терезеден арқақоржынды лақтырып жібергенін байқады. Ішінен есірткі шықты.


Сотта ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, есірткіні буып-түйгені үшін күн сайын 5 мың рубль (шамамен 25 000 теңге) алып отырған. Бірақ есірткі таратпадым деп мәлімдеді. Арқақоржын да менікі емес деді. Полицияның сүйіктісін жауапқа тартамыз деп қорқытып, кінәні өз мойнына алуға мәжбүрлегенін де айтты.

Сотта оның сүйіктісінен де жауап алынды.


Оның айтуынша, жас жігіт аспазшы болып істеген. Ал жұмыстан шығып кеткеннен кейін Telegram арқылы есірткі сатуымен айналысып кетті. Қыздың өзі одан кетіп қалған. Себебі жігіті паранойямен ауырған, біртүрлі әрекет жасаған. Сосын ылғи арқақоржынын тастамай жүрген.


Сот үкімімен есірткі таратушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.