20 ақп, 2024 сағат 15:30

Есірткі туралы фильм насихаттаушы болуы да мүмкін - ІІМ өкілі

Фото: gov.kz

Есірткі тұтыну немесе нашақорлар туралы фильм немесе ән тыңдау бір жағынан адамды жирендірсе, екінші жағынан насихат ретінде болуы да мүмкін деп отыр Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi маманы. Бұл туралы "Ұлт Ақпарат" хабарлайды.

-"Есірткі туралы айтқан кезде таяқтың екі ұшы сияқты екі түрлі эффект береді. Бір жағынан ол адамды есірткіден жирендірсе, екінші жағынан жарнама сияқты әсер беруі мүмкін.Сондықтан, мемлекет басшысы айтқандай біз әрқашан оң мысалдар келтіруіміз керек. Жағымсыз мінезі барларды жарнамалаудың қажеті жоқ. Бригада фильмі естеріңізде ме? Сол киноны көріп алған жастар өз аудандарында, өз ауыларында "бригадаларын" құра бастаған", - дейді ҚР ІІМ Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.