04 жел, 2023 сағат 09:36

ІІМ притон, сауна және массаж салондарына ауқымды рейд жүргізіп жатыр

Фото: Polisia.kz

ІІМ интимдік сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медиа-портал мәліметінше, рейдтерді өткізудің алғашқы тәулігінде жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар берудің 70-тен астам фактісі анықталған.

"Кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, онда жүзден мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

5 жеңгетайлық фактісі анықталды. Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында бұрын жасалған, Семей қаласының тұрғынынан ұрланған 3 млн теңге ақша ұрлығы дерегі ашылды. Ер адамның банктік картасын интимдік қызмет көрсеткен қыз ұрлап алып, ақшалай қаражатқа айналдырған" - делінген хабарламада.


Тағы бір мысал, Түркістан облысында 18 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде жүрген әйел Атырау облысынан табылған.

"Сұрау барысында ол 2005 жылы, 16 жасында ата-анасымен болған жанжалға байланысты үйден кетіп, әртүрлі қалаларда тұрғаны анықталды. Содан бері ол жақындарымен араласпаған. Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген. Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне дереу хабар беріліп, азамат туыстарымен байланысқа шықты. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат қазіргі таңда полиция бақылауында. Оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып, құқықтық кеңес берілді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері қылмыстық және әкімшілік полициямен бірлесіп рейдтік іс-шараларды жалғастырады" - делінген медиа-портал мәліметінде.