04 сәу, 2024 сағат 13:47

Іздеуде жүрген екі Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды


Фото: ҰҚК баспасөз қызметі


Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп, іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Комитеттің мәліметінше, күдіктілер алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. 


«Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады және 2024 жылғы 3 сәуірде Стамбул қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілді. Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен Тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.