22 қар, 2023 сағат 09:42

Іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды - Бас прокуратура

Фото: depositphotos.com

2020 жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы ұсталды.

Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деп айыпталып отыр. Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден асады" - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам адам жәбірленуші болып танылған.

Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.