24 ақп, 2025 сағат 18:52

Қалың қар жауып, күн суытады: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев


Алматы мен Астанада 25-27 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжанды, - деп хабарлайды Қазгидромет.


Алматыға арналған ауа райы болжамы


25 ақпан – алматыда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде 0-2°C, күндіз 13-15°C жылы.


26 ақпан – бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты, көктайғақ. Кешке тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде 0-2°C, күндіз 6-8°C жылы.


27 ақпан – ауа райы құбылмалы, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде 5-7°C аяз, күндіз 1-3°C жылы.


Астанаға арналған ауа райы болжамы


25 ақпан – астанада ауа райы құбылмалы, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең әлсіз тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде 7-9°C аяз, күндіз 0-2°C жылы.


26 ақпан – ауа райы құбылмалы, түнде қар, тұман, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, көктайғақ. Жел шығыстан батысқа ауысып, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 6-8°C аяз, күндіз -1°C - +1°C.


27 ақпан – ауа райы құбылмалы, түнде қар. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде 11-13°C аяз, күндіз 6-8°C аяз.