14 қаз, 2023 сағат 13:55

Қарағандыда ер адам жасөспірімді пышақтап, қашып кеткен

Фото: Светлана МАКОВЕЕВА, NSK.KP.RU

Қарағандыда дүкендердің бірінде ер адам кәмелетке толмаған баланы жаралап, қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Жанжал азық-түлік дүкенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған қарағандылық жігіт пен досы кассада кезекте тұрған. Бір кезде дүкенге ер адам кіріп, кезексіз төлем жасамақ болған. Куәгерлердің айтуынша, пышақтасуға дейін барған кикілжіңге осы себеп болған.

"Ол балалардың бірін пышақтап, қашып кетті. Біз шошып қалдық. Бұлай болады деп ойлаған жоқпыз", - дейді куәгер.

Қарағанды ​​облысының полицейлері ақпаратты растады. Жол полициясы басқармасының бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, күдікті ұсталған.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы екі жас жігіттің сауда орнында болғанын анықтады. Осы жерде бейтаныс ер адам мен олардың арасында жанжал шыққан. Сол кезде ер адам жігіттердің бірін пышақтап, қашып кеткен. Жәбірленуші емдеу мекемесіне жатқызылды", - деді Қарағанды ​​облысы бойынша полиция департаментінің басшысы.

Полицейлер бейнекамералардың көмегімен күдіктінің қайда кеткенін анықтаған.

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Санжар Әділов.