18 қаң, 2024 сағат 12:08

Қазақстан Парламенті 19 қаңтарда неге жиналатыны белгілі болды

Фото: parlam.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібі белгілі болды. Бұл туралы Сенат кулуарында депутат Ақмарал Әлназарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Алдағы бірлескен отырыста депутаттар бітімгершілік күштерді жіберу мәселесін талқылайды.

"Қазақстанның бітімгершілік күштерін жіберу мәселесі көтеріледі. Жалпы, бұл шешімді Мемлекет басшысының ұсынысымен Парламент қабылдайды. Сондықтан бұл үйлестіру Конституцияның 53-бабы аясында жоспарланып отыр", - деді сенатор.

Біздің бітімгерлер қай елге жіберілуі мүмкін екені әзірге белгісіз.

"Негізі бұл бар тәжірибе. Қазақстан бітімгершілік күштерін жіберген, сондықтан бұл жұмыс жоспар бойынша (жүріп жатыр - еск.). Қазір БҰҰ белгіледі, ертең кездесуде сіздермен бірге естиміз", - деп қосты Әлназарова.