31 мам, 2023 сағат 14:38

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме - Вице-министр жауабы

Фото: kp.kz

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлері Украинаға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін Мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады. Брифингте журналистер Қорғаныс министрінің орынбасарынан қазақстандық бітімгерлерді Украинаға жіберу қаупі туралы сұрады.

“Ондай қауіп-қатерлер жоқ. Әрбір мемлекет ерікті түрде қатысады. Ол - бір. Екіншіден, әскери контингентті бір жерге жіберу мәселесін Парламент мақұлдайды. Парламент мақұлдаса ғана. Біз Парламент үшін жауап бере алмаймыз, тек Қорғаныс министрлігі құзыретті сұрақтарға жауап береміз", - деп атап көрсетті Қамалетдинов.

Айта кетері, бүгін Мәжіліс екі заңды қабылдады. Біріншісі - “Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша құқықтық көмек көрсету және юрисдикция мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы” заңының жобасы.

Екіншісі - “Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы” заңының жобасы.