10 қар, 2023 сағат 16:37

«Қазарнаулыэкспорт» басшылары 1 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген. Соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада..

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Айта кетейік, «Қазарнаулыэкспорт» РМК-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету болып табылады.