04 сәу, 2024 сағат 09:15

«ҚазАвтоЖолдың» экс-басқарма төрағасы ұсталды


Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ


Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.


Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялады.


ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.