09 қар, 2023 сағат 12:25

Көлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген күдікті Өзбекстанда ұсталды

Фото: freepik.com

Көлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген күдікті Өзбекстанда ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар жедел уәкілдері Ташкент облысының Нұравшан қаласында осы елдің 27 жастағы азаматын ұстады. Ол бес жыл бойы автокөлік ұрлағаны үшін іздеуде жүрген.

"2018 жылдың желтоқсанында ер адам Астана қаласындағы базарлардың бірінен Lada Priora автокөлігін айдап кеткені анықталды. 

Сот оның әрекеттері үшін бас бостандығынан айырды. Босатылғаннан кейін, заңда белгіленген мерзімде Екібастұз қаласының полициясына есепке тұрған жоқ. Осыған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды" - делінген хабарламада.