22 қар, 2023 сағат 14:40

Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

"21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшысын ұстады.

Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдікті болып отыр.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.