07 жел, 2016 сағат 15:48

ҚР Президенті шетел компанияларын мұнайды қайта өңдеумен белсенді айналысуға шақырды

-  Шетел инвесторларымен кездесуде ҚР Президенті шетелдік инвесторларды мұнай өндірумен ғана емес, оны қайта өңдеумен де белсенді айналысуға шақырды.

«Зауыттар мен фабрикаларды салу, кәсіпорындарды кеңейту, шикізатты қайта өңдеу, оны өз маркетингтік желісі арқылы өткізу міндеттемесін алған компанияларға қолдау көрсетіледі. Олардың қолданыстағы келісімшарттары ұзартылып, жаңа кен орындары беріледі», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Назарбаев бүгін ірі мұнай компанияларының басшыларымен кездесу өткізу және бірқатар нысандардың жұмысымен танысу үшін Атырау облысындағы Қашаған кен орнына келген болатын.

Ұлт порталы