14 қар, 2017 сағат 08:51

Күнгей жастары қайырымдылық көрсетті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әр азаматтың өзiнiң туған жерiне, айналасына жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысуы керектiгiн айтқан болатын. Рухани жаңғырудың негiздерiнiң бiрi – азаматтардың бойына қайырымдылық қасиеттердi сiңiре бiлу. Туасы, бiреуге жақсылық жасау үшiн бай болу шарт емес. Тек жылы жүрек пен алғаусыз пейiл болса жеткiлiктi. Демек, бiреуге қуаныш сыйлағыңыз келсе, ол үшiн ең алдымен жүрегiңiз мейiрiмге толы болуы керек.

Осындай мақсатпен Оңтүстiк Қазақстан педагогикалық университетi «Педагогика және психология» кафедрасының жанынан құрылған «Жалынды жастар» клубының мүшелерi әр ай сайын түрлi қайырымдылық шараларға қатысып, қазыналы қарттарымыз бен жас бүлдiршiндердiң көңiлдерiне қуаныш, жүздерiне күлкi сыйлауда.

Оған дәлел таяуда өткен «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акциясы бола алады. Акция барысында клуб мүшелерi Төлеби аудандық балалар үйiне, Шымкент қаласындағы қарттар үйiне барып, түрлi концерттiк бағдарламалар қойып, көңiлi жарым жандардың мерейiн асқақтатып қайтты.

«Қазiр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасы айтқандай, бүгiнгi таңда адамның дәрежесi тек бiлiмiмен ғана өлшенбек. Сондықтан клуб мүшелерi Шымкент қаласындағы көптеген кiтапханалармен тығыз байланыс орнатқан. Ондағы әрбiр iс-шараға белсендi атсалысып жүр. Сондай-ақ, клуб жанынан құрылған «Шұғыла» би тобы да бүгiнде облыс көлемiнде өтетiн түрлi iс-шараларда өнер көрсетуде.

«Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл,

Ақ жолдан айныма, ар сақта, оны бiл» деген Шәкәрiм Құдайбердiұлы атамыздың өсиетiн басшылыққа алған жастар елiмiздiң рухани жаңғыруына осындай қайырымды әрекеттерi арқылы үлес қосып жүр.

Нұргүл НАМҰРАТОВА,

ОҚПУ педагогика және психология мамандығының студентi,

«Жалынды жастар» клубының президентi.