21 қыр, 2023 сағат 10:30

Қытай азаматтары Павлодарда жасырын зертхана ұйымдастырған - видео


Қытай азаматтары пәтерде су жануарларын өндіру зертханасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, олар Қазақстанға жаздың ортасында келген.

"Екі қытай азаматы Усол шағын ауданындағы жалдамалы пәтерде елден әкетуге тыйым салынған су жануарларын өндіру бойынша зертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді" - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары қоңыр түсті ұнтақ пакеттер, түтіктер мен сұйықтықтары бар шыны аквариум тапқан. Қытай азаматтары үй жағдайында жануарларды қалай өндіргенін және оны қайда шығарғандарын айтып берген.

ҚР ҚК 335-бабы 1-тармағының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.