02 ақп, 2024 сағат 15:04

Қызылордада тұрғындарды 2,9 млрд теңгеге алдаған ер адам ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратура.

"Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік кредитін рәсімдегені анықталған. Барлығы 235 адам зардап шекті, оларға 2,9 млрд теңге залал келтірілген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Тергеу барысында күдікті Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.