08 жел, 2023 сағат 15:35

Мағзұм Мырзағалиев Kazenergy төрағасы боп сайланды

Фото: azh.kz

Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметіне Мағзұм Мырзағалиев сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Бұл шешім 8 желтоқсанда Алматы қаласында өткен «KAZENERGY» Кеңесінің отырысында қабылданды. 

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды. 

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық, сондай-ақ экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу» - делінген компания баспасөз қызметі хабарламасында.

Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

Айта кетейік, бұған дейін қауымдастыққа белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаев төрағалық етті.