23 қаз, 2023 сағат 19:49

Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды

Фото: gov.kz

Астана қалаcының соты Марат Бекетаевты екі айға қамауға алу шарасын санкциялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» - делінген мәліметте. 

Еске сала кетейік, бүгін Антикор Марат Бекетаевтың ұсталғанын растаған болатын.