17 сәу, 2024 сағат 10:57

Мектеп оқушысын зорлаған депутаттың күйеуі 20 жылға сотталды


Жамбыл облысы Сарысу  ауданында 12 жастағы қызды зорлады деп айып тағылған күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

55 жастағы айыпталушы – Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Галина Мороздың күйеуі. Айта кетейік, жеткіншектің аяғы ауыр болып, оны мұғалімдер ата-анасының рұқсатынсыз жеке клиникаға апарып түсік жасатқан болатын.

«Күдіктіге өмір бойы педагогикалық қызмет атқаруына шектеу қойыла отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Моральдық өтемақы шығыны ретінде 3 млн теңге төлеу міндеттелді. Күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.