24 сәу, 2024 сағат 12:04

«Мен оған жедел жәрдем шақыр дедім»: Бишімбаев сотында көріпкел сөз сөйледі


Қуандық Бишімбаевтың Астанадағы сотында көріпкел куәгер болып сөз сөйледі. Ол бұрынғы министрмен анасы арқылы таныс екенін айтты. 9 қарашада Бишімбаев оған хабарласып, Салтанаттың жағдайын болжап беруін сұраған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ол менімен мас сияқты сөйлесті. Сөзінен жаңылысып, сөздерді мұқият айтуға тырысты. Әдеттегідей сөйлеген жоқ. Біз түнде көп ішіп, әйеліммен төбелесіп қалдым деді. Мен оған жедел жәрдем шақырыңыз. Дәрігерге барыңыз деп айттым. Жеке қабылдайтын дәрігерлер де бар ғой дедім», - дейді куәгер.


Прокурор одан "жедел жәрдемді неге шақырыңыз деп айттыңыз" деген сұрағынан ол "Салтанатқа жәрдем керек екенін өзі айтты" дейді ол.

«Ол Салтанатқа керек деді. Ол маған айтты, қазір Салтанат ұйықтап жатыр, демалып жатыр деді. «Көріп беріңізші» деп айтты», - дейді ол.


Көріпкел оған бірнеше рет жедел жәрдем шақыр деп кеңес бергенін айтады.

«Мен оған не істей аламын? Жедел жәрдем шақыр деп айттым. Ол маған "ұйықтап жатыр" деп қоймайды. Мен мәселе осыншалықты күрделі деп ойламаппын. Ол мас болғандықтан оның сөздеріне аса мән бермедім. Қайта-қайта хабарласа берді, кейде тіпті телефонымды да көтермедім», - деді ол.