Фото: Мәди Рымбаевтың желідегі парақшасынан
Әнші Роза Рымбаеваның кенже ұлы Мәди Рымбаев желідегі парақшасында өзін сынайтындарға ренішін білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Мәди Рымбаев анасының ән кешінде өнер көрсеткен видеосын парақшасына жүктеген. Бұл видеоға желі қолданушыларының арасында оны клоунға теңеп жазба қалдырғаны болған. Рымбаев жазба авторына ашуланып, өзін кәсіби маман еместердің сынағанын құп көрмейтінін жеткізген.
«Мен, қарғыс атқыр, кәсіби маманмын. Мен музыкантпын. Мені бағалап, үйрету сендердің шаруаларың емес.
Жасап жүргеннің бәрін өз қолыммен, өзім істеймін. Көзіме де, беліме де зиян келтіремін. Мен осының бәріне өмірімнің жартысынан көбін арнадым.
Ал тональдіктерді де білмей тұрып, мені үйреткісі келетіндерді тыңдап, төзгім келмейді», - деді ол.
Сондай-ақ Мәди Рымбаев өзін менсінбей жүргендерге де үн қатты.
«Мені менсінбегендер, бәрібір ертең алдыма қайта келесіңдер», - деді әнші.
